АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Қазақстанда кімдермен кездеседі
АҚШ мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен Қазақстанға сапары барысында ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев және премьер-министрдің орынбасары – сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеубердімен кездеседі. Бұл туралы сыртқы істер министрінің ресми өкілі Айбек Смадияров айтты.

«2023 жылдың 28 ақпанында АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкеннің Қазақстанға алғашқы ресми сапары өтеді. Астанада АҚШ-тың мемлекеттік хатшысын президент Қасым-Жомарт Тоқаев қабылдайды әрі премьер-министрдің орынбасары – сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді қабылдайды», – деді Смадияров.
Сол күні Энтони Блинкеннің қатысуымен Орталық Азия елдері мен АҚШ сыртқы саяси ведомстволары басшыларының С5+1 форматындағы кездесуі өтеді.
Айта кетейік, бұған дейін жиында өңірлік ынтымақтастық және АҚШ-пен серіктестік мәселелері талқыланатыны айтылды.