Доллар, еуро, рубль: шетелдік валютаға сұраныс төмендеп келеді
2022 жылғы қаңтар-желтоқсанда айырбастау пункттерінде АҚШ доллары, еуро мен Ресей рублінің таза сатылымы 2,4 трлн теңгені құраған. Бұл көрсеткіш 2021 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 22,4% аз, деп хабарлайды ranking.kz.
Айырбастау пункттеріндегі шетел валютасы таза сатылымының 1,8 трлн теңгесі АҚШ долларын құрап, 2021 жылғы қаңтар-желтоқсанмен салыстырғанда сатылым көлемі 10,1% төмендеген. Одан кейін еуро келеді, былтыр бұл валюта сатылымы көлемі 7,4% төмендеп, 301,9 млрд теңгегі құраған. Ресей рублінің таза сатылымы бірден 2,7 есе азайып, 281 млрд теңгеге дейін қысқарды.
Өңірлер бойынша алсақ, айырбастау пункттерінің АҚШ доллары сатылымының жартысынан астамы екі мегаполис үлесінде: Алматы мен Шымкент. Бұл ретте Алматыда таза сатылым көлемі бір жылда 35,5% өсіп, 712,1 млрд теңгені құраса, Шымкентте керісінше 2 есеге жуық азайып, 297,2 млрд теңгені құрады.
Айырбастау пункттерінде еуро сатылымынң басым бөлігі үш мегаполистің үлесіне тиді: Алматы (96,7 млрд теңге), Астана (41,3 млрд теңге) және Шымкент (34,4 млрд теңге). 2022 жылдың қаңтар-желтоқсанында еуроға айтарлықтай сұраныс Батыс Қазақстан облысында байқалып оның сатылымы 27,3 млрд теңгеге жетті, бұл 2021 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда бірден 3,3 есе көп.
Ресей рубліне сұраныс 2022 жылы 2021 жылмен салыстырғанда ҚР-ның барлық дерлік өңірінде төмендеді. Сатылым тек Атырау облысында өскен: 36,7%, 13,2 млрд теңгеге дейін.
Айырбастау пункттеріндегі Ресей рублін таза сатылымы бойынша көшбасшылар Шығыс Қазақстан және Абай облыстары, олардың жалпы көрсеткіші 41,2 млрд теңгені құрады. Одан кейінгі орында Астана: 38,6 млрд теңге. Үздік үштікті Қарағанды және Ұлытау облыстары түйіндеп тұр, олардың үлесі 30,2 млрд теңгені құраған.
2023 жылдың қаңтарында АҚШ долларының ресми бағамы орташа есеппен 462,6 теңгені құрады.
2023 жылғы қаңтардағы еуроның орташа бағамы 498,8 теңге болды.
Ресей рублі бір айда 6,7% құлдырап, 2023 жылдың қаңтарында 6,7 теңгеден саудаланып жатыр.