Мәжіліс сайлауы: шетелде 77 сайлау учаскесі ашылады

Жарияланды

Мәжіліс сайлауы кезінде 62 мемлекетте 77 сайлау учаскесі құрылды. Бұл туралы сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров мәлімдеді.

«Қазақстанның шетелдегі мекемелері жанынан 62 мемлекетте 77 сайлау учаскесі құрылды. Дауыс беруге қатысу үшін шет мемлекетте тұратын немесе жеке жұмысы, оқу бойынша, турист ретінде жүрген Қазақстан азаматтары сайлау учаскесі бар консулдық өкілдігіне жүгіне алады»,- деді Айбек Смадияров.

Смадияровтың айтуынша, шетелдегі сайлау учаскесінде дауыс беру үшін Қазақстан азаматтары елшіліктерге хабарласып, алдын ала мәлімет беруі керек.

«Учаскелердің байланыс деректері министрліктің ресми сайтында жарияланады»,- деді министрліктің ресми өкілі.

Айта кетейік, мәжіліс пен мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауы 19 наурызда өтеді.

Сондай-ақ оқыңыз