Қазақстанның Ресейдегі сауда өкілдігін тарату туралы Үкімет қаулысы шықты.
«Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігінің «Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Сауда өкілдігі» мемлекеттік мекемесі таратылсын», – деп жазылған қаулыда.
Құжат қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. Үкімет басшысы құжатқа 22 ақпан күні қол қойған.
Еске салсақ, айдың басында Қазақстан Ресейдегі сауда өкілдігі мекемесін тарататыны хабарлаған еді.
Қаржы министрі бұл шешімнің себебін түсіндірген еді.
«Бұл тұрғыда қажет емес құрылымдарды оңтайландыру жүріп жатыр. Ресеймен тығыз қарым-қатынас Еуразиялық экономикалық комиссия аясында да бар екенін ескеру керек. Ол жақта Қазақстанның өкілдігі жеткілікті, яғни барлық саладағы мәселені реттей алатын, соның ішінде кәсіпкерлік қызметте өте сауатты адамдар бар. Сонымен қатар, Елшілік жұмыс істеп тұр. Түрлі мемлекеттік құрылымдардан да тиісті өкілдер қызмет етіп жүр», – деген болатын Ерұлан Жамаубаев.