Әкімдіктер ауылдық елдімекендерде қарды шығаруға қаражат бөлмейді – министр

Жарияланды
Фото: kursiv.media

Су тасқыны кезеңінде әкімдіктердің елдімекендердегі қарды уақытында шығаруы маңызды. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин айтты.

«Өткен жылдардағы тәжірибе көрсеткендей елдімекендерді су басу қаупінің алдын алуда қардың уақтылы шығарылуы маңызды. Жергілікті бюджеттерден қар шығаруға бөлінген қаражатты талдау олардың негізінен ірі қалалар мен облыс орталықтарына бөлінетінін белгілі болды, ал көптеген ауылдық елдімекен тиісті назардан тыс қалатынын көрсетеді», – деді министр Үкімет отырысында. 

Министрліктің мәліметінше, биыл әкімдіктер қар шығаруға 14,6 млрд теңге бөлген. Оның ішінде 5,9 млрд теңгесі игерілген.

Қазір елдімекендерден 11 миллионнан аса текше метр қар шығарылды. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 2 миллионға артық — 2022 жылы 9,634 миллион текше метр қар болды.

«Өзендердегі мұзды жару да маңызды. Қазір өңірлерде әкімдіктер (1 млрд 29 млн 433 мың теңгеге) жару жұмыстарын жүргізуге 35 шарт жасады. Біз бұл мәселені Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр жиналысында талқыладық», – деді министр.

Үкімет отырысында Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин, сондай ақ су тасқыны кезеңінде Шардара мен Көксарай су қоймайларында жағдай әлі күрделі екенін айткан болатын.

Сондай-ақ оқыңыз