Орталық Азия электр энергетикалық корпорациясы «Астана-ЕРЦ»-тің 42,25 % акциясына ие болуын тоқтатты
Жарияланды

«Орталық Азия электр энергетикалық корпорациясының» облигациялары KASE-тің тізімінде тұрғаны белгілі.
Құнды қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған «Орталық Азия электр энергетикалық корпорациясы» АҚ (Астана) 2023 жылдың 22 ақпанынан бастап «Астана-ЕРЦ» ЖШС жарғылық капиталына қатысудың 42,25 % үлесін иеленуді тоқтатқаны туралы KASE-ге хабарлады. Бұл туралы kase.kz сайтында жарияланды.
Аталмыш компанияның ішкі ресми құжаттары сайттың арнайы бетінде сілтеме арқылы жарияланған.