![](https://cdn-kz.kursiv.media/wp-content/uploads/2023/02/c7717cb9db6b58f793f4e6f3632-1024x682.webp)
«Орталық Азия электр энергетикалық корпорациясының» облигациялары KASE-тің тізімінде тұрғаны белгілі.
Құнды қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған «Орталық Азия электр энергетикалық корпорациясы» АҚ (Астана) 2023 жылдың 22 ақпанынан бастап «Астана-ЕРЦ» ЖШС жарғылық капиталына қатысудың 42,25 % үлесін иеленуді тоқтатқаны туралы KASE-ге хабарлады. Бұл туралы kase.kz сайтында жарияланды.
Аталмыш компанияның ішкі ресми құжаттары сайттың арнайы бетінде сілтеме арқылы жарияланған.