Қарағандыдағы оқ-дәрі зауыты – «Steel manufacturing» ЖШС – «Қазақстан инжиниринг» акцияларын төлеуге тапсырды. Бұл туралы Үкіметтің қаулысы жарияланды.

«Қазтехнология» АҚ сыйға тарту шарты бойынша «Steel manufacturing» ЖШС жарғылық капиталындағы қатысу үлесінің 100% республикалық меншікке беру туралы ұсынысын қабылдасын. «Қазақстан инжиниринг «Ұлттық компаниясы» АҚ (Kazakhstan Engineering) акцияларын төлеуге серіктестіктің жарғылық капиталындағы мемлекеттік қатысу үлесінің 100% берілсін», делінген Үкімет қаулысында.