Қазақстан үкіметі елдегі үш уран кәсіпорнының үлесін ресейлік компанияға бере ме?
Қазақстан үкіметі «Росатом» мемлекеттік корпорациясының Uranium One бөлімшесінің құрамындағы Uranium One тобына уран өндіретін үш кәсіпорынның 70, 50 және 30 пайыз үлесін беру туралы қаулы қабылдады.
2023 жылғы 23 ақпандағы Жарлық «Параграф» ақпараттық жүйесінде жарияланды.
«Uranium One Netherlands B.V. компаниясына «Uranium One Group» акционерлік қоғамының пайдасына «Қаратау» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің 50 пайыздық үлесін иеліктен шығаруға рұқсат берілсін», делінген қаулы мәтінінде.
Сонымен қатар Uranium One Utrecht B.V. «Uranium One Group» акционерлік қоғамының пайдасына «Хорасан-У бірлескен кәсіпорны» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің 30 пайыздық үлесін иеліктен шығарылмақ.
Uranium One Rotterdam B.V. «Uranium One Group» акционерлік қоғамының пайдасына «Оңтүстік тау-кен химия компаниясы» бірлескен кәсіпорны» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің 70 пайыз үлесі берілетін болды.
«Uranium One Group» АҚ «Росатом» мемлекеттік корпорациясының Uranium One бөлімшесінің құрамына кіреді.