Жанар-жағармай бағасы біртіндеп көтеріледі

Жарияланды
Ценам на бензин и дизтопливо рекомендовали сближение с российскими
Жанармай бағасы біртіндеп қымбаттайды

ҚР Энергетика министрлігі Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігімен бірлесіп, мұнай және мұнай өнімдері нарығындағы бәсекелестікті дамыту жол картасын әзірледі. Бұл жол картасы 2025 жылға дейін Еуразиялық Экономикалық Одақ елдеріндегі жанар-жағармай бағасын теңдестіруді көздейді.

«2025 жылға ЕАЭО аясында қарай жанар-жағармай бағасын конвергенциялаудың болжамды жоспарын әзірлеу (теңдестірілген бағаны реттеу тетігі)» делінген құжатта.

Жоспарды әзірлеуге Энергетика вице-министрі Әсет Мағауов пен Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі төрағасының бірінші орынбасары Руслан Ахметов жауапты. Жоспар биыл екінші тоқсанда дайын болуы тиіс. Құжат мұнай өнімдерінің көлеміне «тең және кедергісіз» сатып алуды қамтамасыз етуі керек,

Сондай-ақ жол картасында ІІ тоқсанда мұнай өнімдері биржалық саудасының үлесін 20%-ға дейін арттыру ұсынылады. Сонымен қатар, екінші тоқсанда мұнай өнімдерін көтерме сатып алуға теңдей мүмкіндік қарастылмақ.

Сонымен қатар, әуекеросин нарығының ең ірі ойыншысы ҚМГ Аэромонополияға қарсы органмен авиакеросинді бөлшек саудаға шығаруды келісіп отыруы тиіс.

Сенат депутаты Бақытжан Байахметов Премьер-Министр Әлихан Смайыловқа жолдаған сауалында 2025 жылы ЕАЭО-да мұнай және мұнай өнімдерінің бірыңғай нарығын құрған кезде Қазақстан елеулі қиындықтарға тап болуы мүмкін деген еді. Өйткені бензин мен дизель отынының бағасы Ресей мен Қырғызстан деңгейіне дейін қымбаттайтын болады Ал қазір ЕАЭО құрамына Қазақстан, Ресей, Беларусь, Қырғызстан және Армения кіреді. Бұл елдерде бинзин, дизель, сұйытылған мұнай газының құны Қазақстанан айтарлықтай жоғары.

Қазақстанда да баға тұрақты емес. Былтырғы баға 230-260 теңгеден басталып, ақырында 450 теңгеге бір-ақ көтерілген. Ресми статистика да мұны растайды. 2022 жылы, яғни бір жылда жанар-жағармай бағасы 2,5 пайызға қымбаттаса, ал дизель 14 пайызға (!) өскен

Жақында Премьер-Министр өндірушілерің ішкі нарыққа жанар-жағармайды үздіксіз жеткізуін қамтамасыз етуді тапсырған болатын. Сондай-ақ үкімет басшысы кез келген жағдайға уақытылы жедел әрекет ету үшін қорлар мен сатылымдарға тұрақты режимде мониторинг жүргізу қажет деді.

Сондай-ақ оқыңыз