KASE индексі ақпан айында біршама өсті

Жарияланды
KASE индексі ақпан айында 1,2%-ға өсті. Фото: kursiv.media

Тоғыз компанияның акцияларын қамтитын KASE индексі ақпан айында 1,2%-ға өсіп, 3 338,9 тармақты құрады, деп хабарлайды Қазақстан қор биржасы. Негізгі қазақстандық индекс үшінші ай қатарынан оң динамика көрсетіп отыр. Оған себеп – бағалы қағаздары индекске енгізілген бес компания акциялары құнының өсуі.

Қандай акциялар қымбаттады?

Көш басында Kaspi финтех тобының акциялары тұр. Бұл компания акцияларының құны ақпан айында 3,8%-ға өсіп, 34 843,14 теңгеге жетті. Айдың ең маңызды оқиғасы компанялар тобының былтырғы және тоқсандық қаржы есебін жариялауы болды. 2022 жылдың 4-тоқсан қорытындысы бойынша кірісі 40%-ға артып 4,6 млрд теңгеге жетсе, жылдық нәтижеде 1,3 трлн теңгені құраған.

Сондай-ақ, финтех тобының қаржы есебіне сәйкес, Kaspi өзінің жаһандық депозитарлық қолхаттарын (GDR) үшінші кері сатып алу бағдарламасы аяқталғанын жариялады. Сатып алу нәтижесінде компания 84 миллион долларға 1,13 миллион бағалы қағазды сатып алды.

Акциялары жақсы динамика көрсеткендердің қатарында «ҚазМұнайГаз» қағаздары бар. Компанияның бағалы қағаздары 3 ақпанда акция индикаторына қосылды. Бір айға жуық уақытта мұнай-газ компаниясының акциялары 3,7 пайызға қымбаттап, 9 765 теңгеге дейін жетті. Ақпанның соңғы күнінде ҚМГ 2022 жылы мұнай өндіруді 1,7%-ға, газды 2%-ға өсіретінін хабарлады.

Сондай-ақ осы айда «ҚазМұнайГаз» компаниясы Каспий теңізінің қайраңындағы Қаламқас-теңіз, Хазар және Әуезов кен орындарын игеру жобасына қол қоюының бонусы ретінде мемлекетке 32 миллион доллар төлегені хабарланды. Сонымен қатар, ұлттық компания «Қаламқас-Хазар Оперейтинг» компаниясының 100 пайыздық үлесін сатып алатынын хабарлады. Осылайша, ҚМГ Лукойлмен бірлесіп әзірлейтін жобаны толық бақылауға алды.

Акциялары қымбаттағандар қатарында Халық банкі бар. Қаржы ұйымының бағалы қағаздары бір айда бірден 3,5%-ға өсіп, 127,3 теңгені құрады. Банк маңызды корпоративтік оқиғалар туралы хабарламаса да, ақпан айында БАҚ беттерінде Халық банкінің үлесін сататыны жайлы ақпарат талқыланып жатты. Бірақ мұндай ақпаратты банктің басқарма төрайымы Үміт Шаяхметова жоққа шығарды.

Ақпан айында Kcell байланыс операторының акциялары 1,2%-ға өсіп, 1 771 теңгені құрады. Ақпан айының соңында компания 5G желісін дамыту үшін «Қазақтелекомнан» 40 млрд теңге алған.

Акциялары да оң динамика көрсеткендердің қатарында «Қазақтелекомның» бағалы қағаздары да болды. Олардың бағасы айдың аяғында 1%-ға өсіп, 29 490,01 теңгені құрады. Байланыс операторы ақпан айында маңызды корпоративтік жаңалықтар туралы хабарлаған жоқ.

Қандай акциялар арзандады?

Өткен айда уран өндіруші Қазатомөнеркәсіптің акциялары аутсайдерлер қатарынан көрінді. Оның акцияларының құны бір айда 4,3%-ға төмендеп, 13 601,32 теңгені құрады. Компания маңызды корпоративтік жаңалықтарды хабарлаған жоқ.

ЦентрКредит Банкінің бағалы қағаздары 0,7%-ға, 630 теңгеге дейін төмендеді. ҚНРДА өткен айда банкке Sinoasia B&R сақтандыру компаниясын сатып алуға рұқсат берді.

«KEGOC» АҚ акцияларының да құны бір айда 0,2%-ға төмендеп, 1 618,89 теңгені құрады. Өткен айдың басында Fitch Ratings компанияның рейтингін «ВВВ-» деңгейінде «тұрақты болжаммен» растады.

Ақпан айының қорытындысы бойынша «ҚазТрансОйл» (ҚМГ еншілес ұйымы) акциялары да арзандады, оның құны бір айда 0,1%-ға төмендеп, 708,99 теңгеге жетті. Компанияның мәліметінше, 25 ақпанда ол 2023 жылдың қаңтар-наурыз айларында айдауға жоспарланған 300 мың тонна қазақстандық мұнайдың алғашқы 20 мың тоннасын Германияға жөнелткен.

Сондай-ақ оқыңыз