Ресей шенеуніктеріне шет тілдегі сөздерді қолдануға тыйым салатын заң қабылданды

Жарияланды
русский язык
Ресей шенеуніктері тек орыс тілінде сөйлесуі керек деген талап қойылды. Фото: Pixabay.com

Ресейде шенеуніктердің ресми баяндамалар мен ресми құжаттарда шет тіліндегі сөздерді қолдануына тыйым салынды. Тиісті федералдық заңға Ресей президенті Владимир Путин қол қойды.

Бұл заң орыс тілін өзге тілдердің ықпалынан қорғауы керек деп жазылған.

Орыс тілінде баламасы жоқ сөздер тізімі арнайы сөздіктерде берілетін болыпты.

«Орыс тілін қолданған кезде, Ресей Федерациясының мемлекеттік тілі ретінде заманауи әдеби орыс тілінің нормалары сақталуы керек … Осындай сөздіктерді (…) дайындау және қалыпастыруды РФ Үкіметі бекітеді», делінген хабарламада.

Бүкіл мемлекеттік органдар мен жекеменшік мекемелер арасында ресми хат алмасқанда, хат және телеграмма жібергенде осы жаңа ереже сақталуы тиіс.

Ресей Украинаға соғыс ашып, Ресей Федерациясында әскери цензура енгізілгелі бері 3 мыңнан аса сайт бұғатталған. Олардың арасында жаңалық сайттары, әлеуметтік желілер, қоғамдық ұйымдар, сауда және IT-компаниялардың сайттары бар.

24 ақпан күні Ресейдің Украинаға басып кіргеніне 1 жыл толды. 2022 жылы Ресей Украинаға қарсы соғыс ашып, бауырлас ел құрамындағы бүлікшіл ДХР мен ЛХР-ды тәуелсіз мемлекет деп таныған болатын.

Сондай-ақ оқыңыз