Түркиядағы жер сілкінісінен кейін, алматылықтар жер үйге көшуді ойлаған

Жарияланды
Фото; ғаламтор желісінен алынды

Жаңа ғимараттарда тұратын алматылықтардың үштен бірінен астамы Түркияда болған оқиғаға байланысты пәтерден жер үйге көшу туралы ойлана бастаған.

Olx.kz сарапшылары 2023 жылғы 6 ақпанда Түркияда болған жойқын жер сілкіністеріне байланысты Алматының тұрғын үй жылжымайтын мүлік нарығын бағалады. Зерттеу «пәтер» және «жер үй» санаттарындағы ұсыныстар нарығында шамалы өскенін, сондай-ақ бастапқы тұрғын үйге шаршы метрдің орташа құнының ұлғайғанын анықтады. Түркиядағңы оқиғадан кейін, алматылықтар арасында жүргізілген сауалнама жаңа ғимараттарда тұратындардың 35%-ы пәтерден жеке үйге көшу туралы ойлана бастағанын көрсетті.

Сауалнама барысында қала тұрғындарының жартысына жуығы жеке секторда тұратыны анықталды (47%). Пәтерлерде тұратындардың 70%-дан астамы ескі тұрғын үй қорына басымдық береді екен.

Жалпы, сауалнамаға қатысушылардың 29%-ы пәтерден жеке үйге көшу туралы ойлана бастаған, алайда жаңа ғимараттарда тұратын алматылықтар мұндай көңіл-күйге, ескі тұрғын үй қорында тұратындарға қарағанда, көбірек бейім келеді.

Соған қарамастан, сервис деректері бойынша бастапқы тұрғын үйге бір шаршы метрдің орташа құны Түркиядағы оқиғадан кейін бір шаршы метр құны 520 000 теңгені құрап, оған дейінгі 500 000 теңгеден біраз көтеріліпті. Бірақ қайталама тұрғын үй нарығында, керісінше 610 000 теңгеден 600 000 теңгеге мардымсыз төмендеді.

Бастапқы және қайталама нарықта пәтерлерді сату туралы ұсыныстардың саны бірдей ұлғайды – жойқын жер сілкіністерінен кейін қала бойынша 9% – ға өсті. Түркиядағы қайғылы оқиғалардан кейін Алматыда үй сатып алу сұрауларының саны 18% – ға өсті, жеке үйлерді сату туралы ұсыныстардың саны 11% – ға өсті, ал бір шаршы метрдің құны қала бойынша орташа есеппен 300 000 теңгені құрап, 2% – ға өсті. 
Ескертпе: сауалнамаға 4 700 ден астам алматылықтар қатысты. Деректер Алматы қаласы бойынша 2023 жылғы 23 қаңтар-5 ақпан аралығындағы және 6-19 ақпандағы мәліметтерді салыстыра талданды.

Сондай-ақ оқыңыз