2022 жылы Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы тауар айналымы 5,0 млрд долларға жетті

Жарияланды
Фото:«QazTrade»

Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы өзара тауар айналымын ұлғайту үшін «УзКазТрейд» ЖШҚ сыртқы сауда компаниясы құрылды. Экспорттық-импорттық кәсіпорынның құрылтайшылары «QazTrade» сауда саясатын дамыту орталығы” АҚ және «УзТрейд» АҚ болды. Бұл туралы «QazTrade» сауда саясатын дамыту орталығы » АҚ баспасөз қызметі хабарлады.

Қазақстан мен Өзбекстан мемлекеттері басшыларының уағдаластықтарын дамыту үшін елдеріміз арасында логистикалық маршруттарды, сондай-ақ экспорттық-импорттық операцияларға арналған қызметтерді кеңейту жөніндегі жобалар белсенді түрде іске асырылуда. Өзара сауданы ұлғайту — екі тарап та жүзеге асыруға мүдделі бірінші кезектегі міндеттердің бірі.

Сыртқы сауда компаниясының қызметі екі елдің ірі кәсіпорындарының өнімдеріне нарықтық зерттеулер мен бәсекелестік талдау жүргізуге, дайын өнімді өндіруге тапсырыстарды орналастыру, өзара сауда процестерін оңтайландыру және үйлестіру жөнінде ұсыныстар әзірлеуге, бизнесті сертификаттауға және өнімді экспорттауға ілгерілетуге, сондай-ақ олардың тапсырыстары бойынша технологиялық жабдықтарды, қосалқы бөлшектерді, жиынтықтауыштарды жеткізуге жәрдемдесуге, Өзбекстан мен Қазақстанда үшінші елдерден импортты алмастыру үшін өндірілген шикізат пен материалдар, жаңа сатып алушылар мен тұтынушыларды іздеуге бағытталатын болады.

«QazTrade» АҚ Бас директоры Нұралы Бөкейханов атап өткендей, бірлескен компания құру қазақстандық кәсіпорындарға екі елдің нарықтарына тауарларды жеткізу көлемін ұлғайтуға мүмкіндік береді, өзара саудадағы шектеулер мен кедергілерді алып тастау бойынша ұсыныстар әзірлеуге жәрдемдесетін болады.

«Бастапқы кезеңде біздің ішкі нарықтың қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін Өзбекстаннан жеміс-көкөніс өнімдерін сатып алу жоспарлануда. Бұдан басқа, Ауғанстанға одан әрі экспорттау мүмкіндігімен Өзбекстан аумағында қазақстандық ұн тарту өнімдерін сатуға көмектесетін боламыз. Біз өзбек тарапымен логистикалық шығыстарға преференциялар беру туралы уағдаластық», – деді Сауда саясатын дамыту орталығының басшысы.

Бұдан басқа, жобаны іске асыру қазақстандық нарықтың үшінші елдерден келетін импортқа тәуелділігін қысқарту жөніндегі мемлекеттік шаралардың тиімділігін арттыруға ықпал ететін болады.

2022 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы тауар айналымы 5,0 млрд долларға жетті, бұл өткен жылғы көрсеткіштен 29,8%-ға жоғары (3,8 млрд доллар). Қазақстандық тауарларды экспорттық жеткізу көлемі 33%-ға өсіп, 3,7 млрд долларды құрады. Экспорттың өсуі негізінен кенді және мыс концентраттарын (өсімі 4,8 есе), бидайды (32,3%-ға), жеңіл автомобильдерді (83,7%-ға), күнбағыс майын (97,2%-ға), жаңа және салқындатылған сиыр гов (өсімі 4,1 есе), өңделмеген алюминийді (70,4%-ға) жеткізудің ұлғаюына байланысты болды).

Өзбекстаннан Қазақстанға Импорт 2022 жылы 21,4%-ға өсіп, 1,3 млрд долларды құрады. Негізінен Қазақстан автомобильдерге арналған шанақтарды, ұшқынмен тұтанатын іштен жану қозғалтқыштарын, жүзімді, легирленбеген болаттан жасалған жалпақ жалатылған илемді, қорғасын кендері мен концентраттарын, құрылыс кірпіштерін, еденге арналған блоктарды және керамикадан жасалған ұқсас бұйымдарды, автомобильдер мен тракторларға арналған бөлшектер мен керек-жарақтарды, этилен полимерлерін сатып алады.

Сондай-ақ оқыңыз