Қазақстан ЕуроОдақ пен Қытайдан тікелей тасымалға ден қойып отыр

Жарияланды (жаңартылды )
Тауарлар Қытай мен Еуропадан тікелей жеткізіледі. Фото: shutterstock.com

Қазақстан Еуропалық Одақ пен Қытай арасындағы жүк тасымалын, Ресейді араластырмай-ақ, тікелей жеткізуді жүзеге асырып отыр. Бұл турады ҚР Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Тимур Жақсылықов мәлімдеді, деп жазады ҚазТАГ.

«Жүк жеткізу географиясы өзгеріп, тікелей тасымалдың артып жатқанын байқап отырмыз. Бұрындары Ресей біз үшін Еуропадан жеткен тауарларды бөлетін дистрибьюторлық хаб сынды еді. Енді біз тікелей жеткізу үлгісіне көштік. Бұл қазірдің өзінде айқын сезіледі», деді Жақсылықов бейсенбі күні CFO саммитінде сөйлеген сөзінде.

Оның айтуынша, негізгі сауда серіктестеріміздің бірі – Ресейге салынған санкциялар сауда экономикасының географиясы мен бағытын өзгертті. Бүкіл 2022 жылы сауда ағыны басқа бағытқа бет алды.

«Біз Ресейден келетін импорттың өсу қарқыны біршама бәсеңдегенін, ал ЕО елдері мен Қытайдан келетін импорт өте жылдам өскенін байқап отырмыз. Бұл елдерден импорт көлемі 30 пайызға өсті», деп қосты Жақсылықов.

Ресейге қарсы сакциялар аясында РФ арқылы транзитке де тыйым салынды. Қазір тап осы транзитке салынған тыйымның зардабын Қазақстан тартып жатыр. Польша аумағында 300 жүк көлігі қаңтарылып тұр.  Мемлекет оларды Литва арқылы шығарып алуға тырысып жатыр.

Сонымен қатар, Қазақстан мен Қытай өзара сауданы 2030 жылға қарай $35 миллиардқа жеткізуді жоспарлап отыр.

Сондай-ақ оқыңыз