Жаңалықтар

164 млн теңге. Ақтөбеде заң бұзған компания бюджетке осынша залал келтірген

Фото: kursiv.media

Қаржы мониторингі агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті, ЖШС атынан жұмыстарды, қызметтерді көрсетуді және тауарларды жөнелтуді нақты орындамай, шот-фактураларды жазып беру фактісі бойынша сотқа дейінгі өндірісті тіркеді. Бұл туралы агенттіктің баспасөз қызметінен хабарлады.

«Облыстық Мемлекеттік кірістер департаментінің қорытындысы бойынша контрагент-сатып алушының бюджетке төлеуі тіис шығыны 164 млн теңгеден асты. Тергеу барысында анықталғандай, аталған ЖШС тіркеу орнында жоқ, ал құжат бойынша басшысы Авдонин Ю.В. қазіргі уақытта қиын өмірлік жағдайдағы адамдарды әлеуметтендіру орталығында тұрады және серіктестіктің қаржы-шаруашылық қызметіне еш қатысы жоқ екенін көрсетті», делінген хабарламада.

Сот шешімімен ЖШС мемлекеттік тіркеуі жарамсыз деп танылған. Қазір тергеу амалдары жүргізілуде.

«Бүгінгі таңда жалған шот-фактураларды жазу, бюджет қаражатын ұрлау және қаржы пирамидалары сияқты қылмыстардың түрлері жасанды интеллект элементтерін қолдану арқылы анықталады. Бұл сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жояды және адал бизнесті заңсыз араласудан қорғауды қамтамасыз етеді», делінген хабарламада.