Астанадағы 6 «сақалды құрылысқа» республикалық бюджеттен 28 млрд теңге бөлінеді

Жарияланды
Долгострой в Астане
Астана қаласындағы құрылысы ұзаққа созылған үйлер. Фото: Астана қаласы әкімдігі

Астанада құрылысы ұзаққа созылып кеткен, үлескерлердің ақшасы салынған 16 үйдің алтауының құрылысын аяқтау үшін Қазақстан бюджетінен 28 млрд теңге бөлінеді.

Астанада «сақалды құрылыс» атанып кеткен 16 үй бар. Оның алтауын аяқтауға республикалық бюджеттен көмек көрсетіледі. Қалған онын елорда әкімдігі өз күшімен аяқтайды.

«Республикалық бюджеттен бөлінетін 28 млрд теңге қай нысанға берілетінін Астана әкімдігі анықтайды. Қалған нысандар жергілікті бюджеттен қаржыландырылады», деді ҚР Қаржы министрлігі.

«Сақалды құрылысқа» инженерлік желі жүргізілмеген, абаттандырылмаған үйлер жатқызылған:

  1. Есіл ауданындағы Бұқар жырау және Бөкейхана көшелерінің қиылысында кіріктірілген үй-жайы және автотұрағы бар түрғын үй кешенінің төрт кезеңі;
  2. Байқоңыр ауданының Абай даңғылы мен Б.Бейсекбаев көшесіндегі «Триумф Есіл» ТҮК-і;
  3. А244 көшесі мен Қошқарбаев даңғылының қиылысындағы «Араби 2 Гранит 2» тұрғын үй кешені;
  4. Алматы ауданындағыКенен Әзірбаев көшесінің бойында орналасқан «Зере 2» тұрғын үй кешені, 199/200;
  5. Түркістан көшесінің бойында «Болашақ үй» ТҮК екі желісі;
  6. Қорғалжын тас жолының солтүстігінде, № Е 125 және Е 128 көшелерінің қиылысында орналасқан «Территория комфорта» ТҮК;
  7. Сығанақ көшесінің бойы мен Тұран даңғылының батысында орналасқан «Қорғалжын орамы» тұрғын үй кешені;
  8. Мәңгілік Ел және 29-30 көшелерінің қиылысындағы «Шығыс 4» тұрғын үй кешені;
  9. Тұран даңғылындағы «Хазар» ТҮК;
  10. No 23-16, 23-17 көшелер алаңындағы «Тұран Сығанақ» ТҮК;
  11. Сарыарқа ауданындағы № 148 және С189 көшелерінің қиылысындағы «Садовые кварталы» ЖК;
  12. Қыз Жібек пен Ұлпан көшелерінің қиылысында орналасқан «Мирный дом» тұрғын үй кешені;
  13. Төлебаев көшесіндегі «Комсомол табысы» тұрғын үй кешені;
  14. Тәуелсіздік даңғылы мен Шарль де Голль көшесінің қиылысындағы «Арыстан 3» СКД;
  15. Орынбор мен Керей, Жәнібек хан көшелерінің қиылысындағы «Алтын бұлақ» тұрғын үй кешені;
  16. 199-көшедегі «Айсанам де Люкс» тұрғын үй кешені;
  17. «Жағалау 4» тұрғын үй кешені.

Биыл қаңтар айының соңында Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев елорданың бейберекет дамуын сынаған болатын. Мемлекет басшысы әкімдікке құрылыс салушыларға рұқсат беру мәселесін қатаңдатуды тапсырды.

Сонымен қатар елорда әкімдігі қалада рұқсатсыз салынып жатқан 76 нысанның құрылысы тоқтағанын хабарлаған еді.

Сондай-ақ оқыңыз