Үкімет Ақтау портында мұнай құю айлақтарын қалпына келтіруді жоспарлап отыр

Жарияланды
Үкімет транскаспий көлік бағытын дамытуға мүдделі
Фото: primeminister.kz

Үкімет Транскаспий халықаралық көлік бағытын дамыту шараларына арналған кеңес өтті. Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен кеңесте еліміздің теміржол инфрақұрылымын одан әрі жаңғырту, жылжымалы құрам паркін жаңарту, сауда флотын және Ақтау мен Құрық порттарының қуатын арттыру жөніндегі шараларды талқылады.

Атап айтқанда, Ақтау портында контейнерлік хаб құру, қайта тиеу техникасының паркін жаңарту және мұнай құю айлақтарын қалпына келтіру, ал Құрық портында жаңа айлақ салу, көпфункционалды және астық терминалдарын іске қосу жоспарланып отыр.
«Сондай-ақ 2030 жылға дейін Каспийде 10 мұнай құю баржасы, 8 паром, 6 танкер және контейнерлік кеме жұмыс істей бастайды деп күтіліп отыр» делінген хабарламада.

Сонымен қатар, кеңесте кедендік рәсімдерді оңайлатуды және маршрутта тасымалдаудың берілген кепілдік көлемін бекітуді көздейтін Қазақстан мен Қытай арасындағы Транскаспий халықаралық көлік бағытын дамыту жөніндегі келісімді дайындау мәселесі қаралды.

Ақтау теңіз порты базасында контейнерлік хаб құру мәселесі көптен бері талқыланып келеді.

Үкімет Қазақстаннан Еуропаға экспорт және транзит жүк жеткізудің балама бағыттарына өткен жылдан бері баса мән беріп келеді. Өткен жылдың наурыз айынан бері экспортқа кететін жүктер Латвия порттарына және Транскаспий халықаралық көлік маршрутына қайта бағытталған еді.

Сондай-ақ оқыңыз