АҚШ-тың мемлекеттік қызметкерлері TikTok-ты 30 күн ішінде өшіруі тиіс

Жарияланды
Фото:cybersport.metaratings.ru


Ақ үй АҚШ-тың барлық мемлекеттік қызметкерлеріне TikTok қосымшасын өшіруге 30 күн берді. Бұл туралы «Хабар 24» сайты хабарлады.

Соңғы бірнеше айда АҚШ, Европа және Канаданың заң шығарушы органдары белсенді түрде TikTok қосымшасына тыйым салуға күш салып жатыр. Басты мәселе – қауіпсіздік. Қытайлық, ByteDance компаниясына қарайтын қосымша әлем бойынша өте танымал. Бірақ пайдаланушы туралы деректердің сақталуы күмән тудырып отыр.

«Көптеген азаматтар үшін оның еш зияны жоқ болып көрінуі мүмкін. Сондықтан жұрт «мені аңдитындай ештеңе істеп жатқан жоқпын, мен атом электрстанциясында қызмет етпеймін ғой» деп жатады. Бірақ шетелдік дүние, әсіресе қытайлар өзіміз туралы қалдырған нан қоқымындай болсын деректерді өз мүдделеріне пайдалануы мүмкін. Шет елдің үкіметі мені не қылсын деп ойламау керек»,-деді Дж. Хопкинс университетіне қарасты ақпараттық қауіпсіздік институтының директоры Антон Дабура.

Ақпараттық қауіпсіздік жөніндегі сарапшы АҚШ туралы маңызды мәліметтер тек атом электр станциясы немесе әскери қондырғылармен шектелмейді дейді. Тамақ өнеркәсібі, қаржы индустриясы, университтер сияқты түрлі салаларда да кибер қауіпсіздікті сақтау аса маңызды деп отыр. АҚШ Тиктокты басқарушы ByteDance компаниясы пайдалаушылар туралы деректерді береді әрі қытайлық мақсаттағы үгіт жүргізіп, жалған ақпарат таратуы мүмкін деп сақтанады. Ал ресми Бейжің Америка сияқты супердержаваның смартфон қосымшасынан соншалықты қауіпті санағаны мемлекеттің сенімсіздігін көрсетеді деп мәлімдеді. Жалпы, бұл теке-тірестер батыстық бірнеше технологиялық компаниялардың деректерді жинауы мен сақтауын реттейтін Қытайдың құпиялық жөніндегі Заңы қабылданған кезде басталып отыр.



Сондай-ақ оқыңыз