Еуропалық Одаққа (ЕО) мүше елдер 2035 жылдан бастап бензин мен дизель арқылы жүретін жаңа автомобильдерді сатуға тыйым салуды көздейтін қаулы бойынша дауыс беру күнін кейінге қалдырды. Бұл туралы ЕО Тұрақты Өкілдер комитетінің өкілі Даниэль Холмберг хабарлады.
Оның айтуынша, дауыс беру күні 7 наурызға жоспарланған. Бірақ қазіргі таңда басқа мерзімге ауыстыру туралы шешім қабылданды.
Тиісті қаулыны өткен айда Еуропалық Парламенттің Бас Ассамблеясы (ЕП) мақұлдады. Қаулы күшіне енуі үшін құжатты ЕО-ға мүше елдер мақұлдауы қажет.
Ережеге сәйкес, 2035 жылдан бастап ЕО-қа мүше елдерде сатылатын барлық жаңа автомобильдер мен жеңіл коммерциялық көліктер нөлдік шығарындыларға ие болуы қажет.
Бастаманың мақсаты — 2030 жылға қарай жаңа жеңіл автомобильдер шығарындыларын 55 пайызға, ал фургондарды 50 пайызға азайту.