Сирия экономикасы жер сілкінісі салдарынан 5 миллиард доллар шығынға батты-Дүниежүзілік банк
Жарияланды
Дүниежүзілік Банк Сирия экономикасына жер сілкінісінен келтірілген шығын – 5 миллиард доллардан асты деп хабарлады.
Ұйымның мәліметі бойынша, ел ЖІӨ-нің шамамен 10 пайызын жоғалтты. Ең қатты зардап шеккен Алеппо провинциясы. Бұл елді мекенге келтірілген шығын- 2,3 миллиард долларды құрады. Екінші орында Идлиб (1,9 миллиард доллар) және Латакия (549 миллион доллар) аймақтары тұр.