Дамушы нарықтардың валютасы оң динамика көрсетті

Жарияланды (жаңартылды )
Фото:7kun.kz

Сауда-саттық қорытындысы бойынша, 3 наурызда теңгенің нарықтық бағамы бір аптада 3,7%-ға (447,73 теңгеден) нығайып, 1 АҚШ доллары 431,08 теңге деңгейінде қалыптасты. Бұл туралы ҚР Ұлттық Банк хабарлады.

2023 жылғы  24 ақпан мен 3 наурыз аралығында сыртқы валюта нарығында бірқатар маңызды оқиға болды. Ақпанда ҚХР-да қызмет көрсету саласындағы және өндіріс саласындағы іскерлік белсенділік индекстері талдаушылардың күткенінен асып, тиісінше, 52,6 және 51,6 тармақтарды құрады. Еуроаймақтағы инфляция а/а 8,5%-ға дейін бәсеңдеді, бірақ, бұл талдаушылардың күткенінен жоғары болды. Атланта ФРБ Президенті Рафаэль Бостик АҚШ ФРЖ-ның осы жазда мөлшерлемелердің артуын тоқтата алатыны жөнінде мәлімдеді. Бұл факторлар көбінесе дамушы нарықтардағы валюталардың оң динамикасын қалыптастырды.

Дамушы елдердегі АҚШ долларына қатысты валюталар бағамының динамикасы төмендегідей қалыптасты:     

  • Мексика песосы Tesla Inc. компаниясының елдің солтүстік бөлігінде автомобильдерді құрастыру зауытын салуды жоспарлап отырғаны туралы хабарлары аясында 2,5%-ға (18,42-ден 17,96-ға дейін) нығайды;
  • Оңтүстік Африка ранды ҚХР-да экономикалық белсенділіктің қалпына келуі туралы деректер шыққаннан кейін тәуекел-сентиментінің жақсаруы аясында 1,6%-ға (18,43-тен 18,14-ке дейін) нығайды;
  • үнді рупиясы оффшорлық инвестор салымдарының Adani Group акцияларына ықтимал әкелінуі аясында 0,9%-ға (82,75-тен 81,97-ге дейін) нығайды;
  • Ресей рублі 0,7%-ға (76,13-тен 75,63-ке дейін) нығайды. РФ Қаржы министрлігі наурызда бюджеттік ереже аясында шетел валютасын сату көлемін алдыңғы айдағы күніне
    8,9 миллиард рубльге қарсы күніне 5,4 миллиард рубльге дейін азайтуды жоспарлап отыр;
  • түрік лирасы 0,4%-ға (18,87-ден 18,8-ге дейін) нығайды. Инфляция ақпанда ж/ж 55,18%-ға дейін (қаңтардағы ж/ж 57,68%-дан) бәсеңдеді.
  • Бразилия реалы бір апта ішінде өзгермей, 5,2 деңгейінде қалды.
  • Индонезия рупиясы 0,5%-ға (15 228-ден 15 311-ге дейін) әлсіреді. Орталық Банк экспорттаушылардың валюталық түсімін репатриациялау үшін 5,2%-ға дейінгі мөлшерлемелер бойынша 1 айдан 6 айға дейінгі кезеңге валюталық депозиттер құралын енгізді.
Сондай-ақ оқыңыз