Сауд Арабиясы сәуір айында Еуропа мен Азияға жеткізілетін мұнай құнын көтереді
Жарияланды
Сауд Арабиясы мемлекеттік компаниясы Saudi Aramco дүйсенбі күні Еуропа мен Азияға нарығына жеткізілетін мұнай құнын сәуір айында көтеретінін мәлімдеді деп хабарлады Интерфакс.
Бұл ел экспорттайтын мұнай сұрыптарының ішінде «Arab Heavy» ең қымбаты болайын деп тұр. Ол еуропалық клиенттер үшін барреліне 1,3 долар, ал азиялықтар үшін 2,5 долларға қымбат сатылатын болады.
Азиялық сатып алушылар үшін өзге маркалы мұнай түрлері барреліне 0,45-0,9 долларға көтеріледі. Ал, «Arab Super Light» маркасының құнына керісінше барреліне 1 долларға арзан бболады.
Ал, АҚШ-қа жеткізілетін мұнай бағасы келесі айда өзгермейді.