Тайвань Қытайдың шабуылына дайындалуда

Жарияланды
тайвань
Фото: Shutterstock

Тайваньның Қорғаныс министрі Чиу Го-Чен әлемдегі әскери шиеленістің күшеюі жағдайында Қытайдың «кенеттен басып кіруіне» байланысты әрқашан дайын болуы керек деген мәлімдеме жасады  деп хабарлайды Reuters.

«Мен бұл туралы айтып отырғаным  олар осындай дайындықтан өтіп жатыр», — деді Чиу. «Қытай әскері қажет болған жағдайда күш қолданады».

Парламенттегі депутаттардың сұрақтарына жауап бере отырып, Чиу «Қытай армиясы Тайваньға кіруге сылтау табады. Өйткені Арал АҚШ-пен әскери байланыстарды күшейтеді» деді.

Тайвань үкіметі егер қытай армиясы Аралдың аумағына кірсе, өзін-өзі қорғау және қарсы шабуыл жасау құқығын пайдалануға уәде берді.

Қаңтар айында Қытай Тайваньға 57 ұшақ пен төрт кеме жіберді. Тайвань бірден мәлімдеме жасап, ҚХР-ны түбектің жанында тағы бір жаттығулар өткізгені үшін айыптады.

Бұған дейін ҚХР басшысы Си Цзиньпин Компартияның ХХ Съезінің ашылуында Қытай Тайвань мәселесін шешуде күш қолдану құқығынан ешқашан бас тартпайтынын, бірақ бейбіт жолмен шешуге ұмтылатынын айтқан болатын.

Қытай демократиялық жолмен басқарылатын Тайваньды өзінің территориясы деп санайды. Тайбэй Үкіметінің егемендік талаптарын жоққа шығаратын және тек аралдың тұрғындары өздерінің болашағын шешуге құқылы деп мәлімдеген.

Естеріңізге сала кетейік, 2022 жылдың 2 тамызында АҚШ Конгресінің Өкілдер палатасының спикері Нэнси Пелосидің Тайваньға сапары аясында Қытай мен Тайвань арасындағы қарым-қатынас шиеленісе түсті. Содан кейін ҚХР СІМ қатты наразылық білдірді.

Сондай-ақ оқыңыз