2022 жылы Қазақстан 46,1 млн долларға гүл сатып алған, ал экспорт 2,7 млн доллар болды
Жарияланды
2022 жылы Қазақстан сырттан 46,1 млн долларға гүл сатып алған. Сауда және интеграция министрлігі әйелдер мерекесі қарсаңында 2022 жылы кесілген гүлдер және бүршіктердің тауар айналымы туралы ақпарат жариялады.
Ақпаратқа сәйкес, жалпы айналым 48,8 млн. долларды құрады, бұл 2021 жылғы көрсеткіштен 9,7% – ға көп. Алдыңғы жылы айналым құны 44,4 млн. доллар болған еді.
Қазақстаннан сыртқа сатылған гүлдер құны 2022 жылы 10,1% – ға өсіп, 2,7 млн. доллар болған. Ал, гүл импорты 2022 жылы 9,7% – ға өсіп, 46,1 млн. долларды құрады.
Сондай-ақ, Министрлік елімізге импортталатын және экспорттайтын гүлдердің түрі мен құнына қатысты ақпарат беріпті.
Гүлдің атауы | импорт құны және үлесі | экспорт құны және үлесі |
раушан | 30 млн доллар (65,2%) | 2,2 млн доллар (80,6%) |
гүл шоқтарын қалдыруға немесе сәндік мақсаттар үшін жарамды басқа да жаңа гүлдер мен бүршіктер | 5,8 млн доллар (12,6%) | 220,2 мың доллар (8,2%) |
хризантема | 6,2 млн доллар (13,5%) | 169,4 мың доллар (6,3%) |
қалампыр | 1 млн доллар (2,3%) | 111,8 мың доллар (4,2%) |
лалагүлдер – | 1,2 млн доллар (2,7%) | 10,4 мың доллар (0,4%) |
орхидеялар – | 241,3 мың доллар (0,5%) | 8,6 мың доллар (0,3%) |
басқа кесілген гүлдер мен бүршіктер – | 1,4 млн доллар (3,1%) | 760 доллар (0,03%) |
ранункулдар- | 79,2 мың доллар (0,2%) | 331,2 доллар (0,01%) |
гладиоли- | 7,9 мың доллар (0,02%) | 1 110 доллар (0,004%). |