Жаңалықтар

Түркия зілзаладан зардап шеккен аудандарға 500 мыңға тарта жаңа үй салады – Ердоған

Турция
Фото: Shutterstock

Түркия Президентті Реджеп Тайып Ердоған зілзаладан зардап шеккен аймақтарға 488 мың жаңа үй салу жоспарланып отырғанын мәлімдеді. Оның айтуынша ақпан айының басында елдің оңтүстік-шығысында болған жер сілкінісінен құрбан болғандар саны 46 мың адамнан асты.

«Түркияның оңтүстік-шығысында болған жер сілкінісінен қаза тапдар саны 46104 адамға жетті», деді Ердоған. Бұл туралы Анадолы агенттігі жазады, деп хабарлайды Интерфакс.

Ақпан айының алтысы күні Түркияның оңтүстік-шығысында 7,4 балдың жер сілкінісі болған еді. Жер сілкінісінен зардап шеккендерге көмек көрсету үшін қазақстандық құтқарушылар да Түркияға аттанған болатын. Бұдан бөлек Қазақстан Түркияға бірнеше рет гуманитарлық көмек жөнелтті.

Бұған дейін БҰҰ сарапшыларының айтуынша, Түркияның оңтүстігінде 1,5 миллионға жуық адам баспанасыз қалды, 41 мыңнан астам адам қаза тапқанын мәлімдеп, 500 мыңға жуық жаңа үй салынуы керек екенін ескерткен болатын.