Жемқорлардан тәркіленген қаражатқа 70-тен аса мектеп салынады

Жарияланды

2023 жылы сыбайлас жемқорлық қатысты қылмыстық істер бойынша қайтарылған ақшаға 70-тен астам мектеп салынады. Бұл туралы оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мәлімдеді. Оның айтуынша бұл қаражат Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорына аударылады.

«Биыл жемқорлардан алынған ақшаға 70-тен астам мектеп салынады. Оған қажет құжаттар бар. Жақында бұл тізім бекітіліп, мектептердің құрылысын қаржыландыру басталады. Барлық 20 аймақ қамтылады», – деді Ғани Бейсембаев Үкімет отырысынан кейін.

Айтуынша, бұған дейін қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев елімізде жемқорлыққа қатысты қылмыстық істер бойынша тәркіленген 120 млрд теңге арнайы шотта жиналғанын хабарлаған. Министр қаражаттың алдымен жөндеуді қажет ететін мектептер бөлінетінін айтты.

Сондай-ақ оқыңыз