Журналистерге жасалған шабуылдарға қатысты 22 адам ұсталды
Журналистерге жасалған шабуылдарға қатысты 30-дан астам қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы ішкі істер министрі Марат Ахметжанов мәлімдеді.
«Бұл іс бойынша 30-дан астам қылмыстық іс қозғалды. Сондай-ақ 22 адам ұсталды. Оның жетеуі қамауға алынды. Қалғандарына атқаратын қызметі мен жасына байланысты қоғамнан алшақ ұстауға қатысты емес шара қолданылды», – деді ішкі істер министрі.
Айтуынша, қазір сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Айта кетейік, ІІМ және ҰҚК ведомствоаралық жедел-тергеу тобы БАҚ өкілдеріне шабуылдар ұйымдастыру дерегі бойынша қылмыстық істі тергеуді жалғастырып жатыр.
Ұсталған О.Токарев өзінің кінәсін мойындады және тергеуге көмектесуге келіскен болатын.
Оған басқа шетел азаматтары – К.Литвиновтің, С.Шаповаловтың, Б.Демченко мен Я.Малышоктың белсенді көмек көрсеткені анықталды.
Токаревтің өзі ұйымдастырушы және үйлестіруші ретінде, ал топтың басқа қатысушылары – Литвинов, Шаповалов және Демченко рекрутерлер рөлін атқарған. Ақпаратқа сәйкес, аталған топ В.Борейкоға, Г.Бажкеноваға, Г.Ерғалиеваға, С.Ибраеваға және басқа да БАҚ өкілдеріне қарсы 30-дан астам арандатушылық жасаған.