Жаңалықтар

Қазақстандық әйелдер Отбасы банкінде 1 трлн теңгеден астам ақша жинаған

 

Еліміздегі нәзік жандылар Отбасы банкінде 1 трлн теңгеден астам ақша жинаған. Бұл банктегі барлық жинақтардың тең жартысы. Бұл туралы Хабар 24 сайты хабарлады.

Тағы 1,5 млн депозит немесе барлық жинақтаушы шоттардың 68 пайызын да әйелдер ашқан екен. Ал депозиттегі максималды сома 50 млн теңгеден асады. Статистикаға сай, баспана алу үшін нәзік жандыларға 6-10 жыл көлемінде ақша жинау жеткілікті екен. Ең көп қаражат жинайтындар Алматы, Астана және Шымкент шаһарларында тұрады.