Тбилисиде полиция наразылық акциясына қатысқандарға көзден жас ағызатын газды қолдануда
Жарияланды
Грузия Ішкі істер министрлігінің қызметкерлері Тбилисидегі парламент ғимараты маңында «шетелдік агенттер» туралы заң жобасына наразылық акциясын таратып, оларға қатысқандарды ұстауға кірісті. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.
Ереуілге қатысқандарды ұстау кадрларын сәрсенбі күні грузиндік Mtavari Arxi телеарнасы https://mtavari.tv/live тікелей эфирде көрсетті.
Ереуілшілерді ұстау негізінен республика парламентінің ғимараты орналасқан Руставели даңғылында өтеді. Кейбір наразылық білдірушілер полицейлерден ұсталған адамдарды арашалап алмақ. Алайда олардың бұл әрекеті сәтсіз болды. Бұған дейін «Гирчи» оппозициялық партиясының көшбасшысы Зураб Джапаридзені ұстау кадрлары таралған.