Алматыда «Халық қатысатын бюджет» жобасына бөлінетін қаржы 7 млрд теңгеге артады
«Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы Алматы қаласында қолға алынғаны көптеген жобалар жүзеге асты. 2022 жылы бойынша Алмалы ауданында 800 млн. теңгеге 39 жоба іске асырылды.
Бұл туралы Алмалы ауданы тұрғындарымен кездесуі барысында Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев мәлімдеді. Оның айтуынша, биыл тұрғындардың өтініштері бойынша ауданда ең көп дауыс жинаған 17 жоба қолға алынады.
«Халық қатысатын бюджет» бағдарламасының тиімділігін ескере отырып, мен осы жобаларды іске асыруға биыл қаланың барлық сегіз ауданына қосымша 7 млрд теңге бөлу туралы шешім қабылдадым», – деді Ерболат Досаев.
Сонымен қатар, 2024 жылы бұрынғы теміржол ауруханасы ғимаратында «Қалалық балаларды оңалту орталығы» ашылады. Сонымен қатар, Әйтеке би ревматологиялық орталықтың ескі ғимараты бұзылады. Оның орнында 500 келушіге арналған жаңа емхана салу жобасы әзірленеді. Құрылыс 2024 жылдың көктемінде басталады.
Сондай-ақ, Ерболат Досаевтың дерегінше, Алмалы ауданында 7 сквер қайта жаңартылады