Алматы әкімдігі табиғи саябақ аумағын сақтау үшін Медеу мен Шымбұлаққа тек электромобиль жүргізбек
1 сәуірден бастап, Шымбұлақ аумағына кіруге тек электромобильдер және шұғыл қызмет көрсету бөлімдерінің арнайы техникасының ғана кіруіне рұқсат берілетін болады.
Алматы қаласы әкімшілігінің дерегінше, мұндай шешім қоршаған ортаға залал келтірмеу мен табиғатқа келетін ауыртпалықты азайту мақсатында қабылданып отыр. Осылайша көлік құралдарының «Шымбұлақ» аумағына кіруіне қатысты ережеге енген өзгеріс 1 сәуірден күшіне енеді.
Ал, 2023 жылдың 1 қыркүйегінен бастап, «Медеу» мемлекеттік аймақтық табиғи паркі аумағында қызмет ететін заңды тұлғаларға тиесілі немесе қызмет көрсететін көлік құралдарының кіруіне де шектеу қойылатын болады.
«Шағын және орта бизнес субъектілеріне «Алматы» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы арқылы 30 млн теңгеге дейінгі сомада, 7 жыл мерзімге, жылдық 6% мөлшерлемемен жеңілдетілген кепілді несие есебінен электрлі қозғалтқышы бар автокөлік салып алуға займ беру мүмкіндігі ұсынылады», — делінген хабарламада.
Ал, несие алушының өз қаражаты сатып алу сомасының 50%-нан кем болмауы тиіс.