Алматыда оқушыларға арналған 100 жаңа автобус сатып алынады

Жарияланды

«Мектеп автобусы» пилоттық жобасы аясында Алматы әкімдігі мектепке оқушыларды тасымалдау үшін 100 жаңа техника сатып алуды жоспарлап отыр. Барлығы 29 мектепте білім алатын 7,7 мыңнан астам оқушыға жағдай жасау көзделген.Бұл туралы ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайыловтың Hyundai Trans Almaty зауытының аумағына жұмыс сапары кезінде белгілі болды.

Премьер-Министр білім беру сапасын арттырудың басты факторының бірі әрбір оқушының қажеттілігіне бағдарланған және оның қауіпсіздігін қамтамасыз ететін жайлы мектеп ортасы болып табылатынын атап өтті. Сондықтан «Мектеп автобусы» пилоттық жобасы – осындай үлкен мегаполистегі мәселенің дұрыс әрі уақытылы шешімі.

«Мектеп автобусы» жобасы биыл Алматыда қала әкімі Ерболат Досаевтың бастамасымен іске асқан.

Сондай-ақ оқыңыз