Жаңалықтар

«АрселорМиттал Теміртау» тұрғандарға 300 млн теңгеден астам соманы қайтаруға міндеттелді

Фото: Kursiv.media

Бас прокурартураның таратқан ақпаратына сәйкес, Прокурорлар Теміртаудың 120 мың тұрғынының құқығын қорғады

Атап айтқанда, Теміртау қаласының прокуратурасы 2022-2023 жылдар кезеңінде жылумен жабдықтау саласына талдау жүргізген.

«Осы жылыту маусымы басталғаннан бері «Оқжетпес-Т» ЖШС-сі «АрселорМиттал Теміртау» АҚ-ның ЖЭО-2 желілерінде жөндеу жұмыстарын жүргізгені анықталды, бұл қала тұрғындарының үйлерінде температуралық режимнің тұрақсыз болуы ықпал еткен», делінген хабарламада.

Тиісінше, мұндай жағдайда жылу беру қызметінің құнын қайта есептелуі керек болғанымен, монополист компания мұны жасамаған.

«Прокуратураның қадағалау актісі бойынша кәсіпорын жылумен жабдықтауды пайдаланғаны үшін 300 млн теңгеден астам сомаға 120 мың тұрғынға сомаларды қайта есептеді», делінген хабарламада.