«Астана-Зеленстрой» экс-басшысы параның жиырма еселенген сомасында айыппұл төлейді
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі «Астана-Зеленстрой» ЖШС Бас директоры А.Наурызәлі «Табиғат-Сервис НС» ЖШС директорының орынбасары С.Карловадан пара алғаны туралы іс бойынша сот үкімі шыққанын хабарлады.
«Астана қаласы Байқоңыр ауданының № 2 сотында «Астана-Зеленстрой» ЖШС Бас директоры А.Наурызәлі «Табиғат-Сервис НС» ЖШС директорының орынбасары С.Карловадан жасыл екпелерді күтіп ұстау бойынша артықшылық бергені және орындалған жұмыстар актілеріне кедергісіз қол қойғаны үшін 9 миллион теңге алу фактісі бойынша істі қарау аяқталды» делінген хабарламада.
Осы жылғы 3 наурызында шыққан сот үкімімен «Астана-Зеленстрой» бұрынғы басшысы Наурызәлі пара алғаны үшін кінәлі деп танылды.
«Оған мемлекеттік мекемелерде қызмет атқару құқығынан айыра отырып, параның жиырма еселенген сомасы – 185 миллион теңге мөлшерінде айыппұл түрінде жаза тағайындалды. Карловқа сот параның он бес еселенген сомасы – 135 миллион теңге көлемінде айыппұл салды, делінген хабарламада.