Жаңалықтар

Freedom Holding Қазақстанда жасөспірімдер футбол лигасының бас серіктесі болды

пресс-конференция
Фото: QJ League

Қазақстанда  жасөспірімдердің QJ League жаңа футбол лигасы ашылды. Оның таныстырылымы Астанада өтті. Лига Қазақстандағы ұлттық маңызы бар жоба болмақ. Турнирге бірнеше жыл бойы еліміздің барлық өңірлерінен  жас футболшылар қатысады.

Лиганың бас серіктесі Freedom Holding Corp.

«QJ League – бұл ҚФФ және ҚКФЛ бізбен тығыз ынтымақтастықта жүзеге асыратын үлкен әлеуметтік жоба. Біздің ортақ мақсатымыз – қазақстандық футболды және жастарымызды дамыту. Біз тек футболшылар туралы ғана емес, жаттықтырушылар, төрешілер, менеджерлер және спорт индустриясындағы басқа да сұранысқа ие мамандар туралы айтып отырмыз», деді Freedom Holding Corp бас атқарушы директоры., QJ League қамқоршылық кеңесінің төрағасы Тимур Турлов.

Турнирдің бірінші маусымына 18 жасқа дейінгі 12 команда қатыспақ. 2025 жылы QJ лигасында ұлдар үшін алты лига, сондай-ақ қыздар үшін бір лига болады, деп жоспарлануда. Жалпы, жарысқа 70-тен астам команда мен 3000 спортшы қатысады.

«Футболда  нәтижені дәл бірден, дәл қазір ала алмайсыз. Біз соның  іргетасын  қалап жатырмыз, бірақ жақын арада QJ лигасын іске қосудың пайдасын көретінімізге сенімдіміз», Freedom Holding Corp бас атқарушы директоры., QJ League қамқоршылық кеңесінің төрағасы Тимур Турлов.

QJ League-2023 қатысушыларының құрамы: «Ақсу» (Павлодар облысы), «Ақтөбе», «Астана», «Атырау», «Жас Қыран» (Алматы), «Қайрат» (Алматы), «Қайсар» (Қызылорда), «Каспий» (Ақтау), «Оңтүстік» (Шымкент),» Ордабасы «(Шымкент),» Тараз», «Шахтер » (Қарағанды).

QJ League -де 2023 жылғы маусымда 132 матч өтеді. Турнирдің әр командасы 22 матч өткізеді. Маусым қазан айында аяқталады.

«QJ League мақсаты-Ұлттық құрамаға сапалы резерв дайындау. Бұл біздің стратегиямыздың бір бөлігі болып табылатын балалар футболын дамытудың негізгі жобаларының бірі. Осы жоба арқылы біз дарынды балаларды дайындауға көмектесетін жарыс жүйесін құрамыз. Бұл біздің жас жігіттер үшін кәсіби футболдағы алғашқы қадам  болады», дейді ҚФФ президенті Әділет Барменқұлов.

Бұған дейін жасөспірім командаларында бірнеше айда бір рет жарыста өнер көрсететіндері болмаса, тұрақты ойын тәжірибесі болмаған. QJ League-де матчтар апта сайын («үйде-сыртта» форматында) өткізіледі, бұл футболшыларға кәсіби футбол талаптарына бейімделуге мүмкіндік береді.

Турнирдің барлық матчтарында қазақстандық Футбол федерациясынан  біліктілігі бар төрешілер жұмыс істейтін болады. Qj League төрешілердің логистикалық шығындары мен жалақысын өз мойнына алады.

Турнир ойындарын Qazsport, Qsport және Setanta Qazaqstan республикалық спорт телеарналарынан, сондай-ақ лиганың ресми youtube-арнасынан  тікелей эфирде  көруге болады.