Иран мен Сауд Арабиясы қарым-қатынасын қалпына келтіретін болды

Жарияланды
Фото:uaqyt.kz

Иран мен Сауд Арабиясы билігі екі ел арасындағы қарым-қатынасты қалыпқа келтіруге келісті. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

Екі ел елшіліктерін екі ай ішінде ашуды жоспарлап отыр.

Бірнеше күн бойы Иранның Ұлттық қауіпсіздік жоғары кеңесінің хатшысы Әли Шамхани мен оның Сауд Арабиясындағы әріптесі Бейжің қаласында келіссөз жүргізген.

Нәтижесінде үшжақты мәлімдеме қабылданды.

Тегеран мен Эр-Рияд дипломатиялық қарым-қатынасты қалпына келтіруге және ең көбі екі ай ішінде елшіліктерді қайта ашуға келісті.

Сондай-ақ оқыңыз