Алтын-валюта резервінің азюына алтын бағасының арзандауы әсер етті- Ұлттық банк

Жарияланды
Қадазстанның алтын-валюта резерві азайды. Фото: shutterstock.com

Ақпан айында Қазақстанның алтын-валюта резерві 2,2 млрд АҚШ долларына азайды. Қазір оның көлемі 34,6 млрд АҚШ долларын құрайды, деп хабарлайды Ұлттық банк.

Резервтің азаюы Қаржы министрлігінің қаражатын Ұлттық қорға аударумен байланысты. Яғни, қаңтарда қаражат әкелініп, Ұлттық Банктің валюталық шотына уақытша «салынды» да, ал ақпанның басында бұл қаражат Ұлттық қорға жіберілген.

Ұлттық Банк Төрағасының орынбасары Әлия Молдабекованың айтуынша, тағы бір маңызды фактор – алтын бағасының төмендеуі.

Ақпанда бағалы металдың баға белгілеуі бір унция үшін 1905 доллардан 1810 долларға дейін арзандады. Алтын бағасы АҚШ-тың ФРЖ саясатына және АҚШ-тағы экономикалық жағдайдың негізгі статистикасына тәуелді болып тұр.

Сондай-ақ оқыңыз