2022 жылдың қорытындысы бойынша, «ҚазМұнайГаздың» еншілес компаниясы «ҚазТрансОйл» АҚ-ның таза пайдасы 60,9% төмендеп, 19,8 млрд теңгені құрады, деп хабарлайды ҚТО.
«2022 жылдың қорытындысы бойынша «ҚазТрансОйл» АҚ таза пайдасы 19 млрд 801,7 млн теңгені құрады, бұл 2021 жылдың нәтижесінен 60,9% төмен», делінген хабарламада.
Бұл ретте «ҚазТрансОйл» АҚ шоғырландырылған түсім көлемі 2022 жылы 255 млрд 627,3 млн теңгені құраған, бұл 2021 жылдың көрсеткішінен 7,3% жоғары.
Сонымен бірге, 2022 жылға «ҚазТрансОйл» АҚ-тың жеке түсімі 212 млрд 136,2 млн теңгені құрады, бұл 2021 жылғы ұқсас көрсеткіштен 1,3% төмен.2022 жылдың қорытындысы бойынша «ҚазТрансОйл» АҚ-тың жеке таза пайдасы 8 млрд 369,3 млн теңгені құрады, бұл 2021 жылмен салыстырғанда 78,3% төмен.
ҚТО жай акцияларының 90%-ы «ҚазМұнайГаз» АҚ-на тиесілі, 10%-ы миноритарлық акционерлердің бақылауында. ҚТО акциялары 2012 жылдың соңында Қазақстан қор биржасында (KASE) «Халықтық IPO» аясында орналастырылды. Бір акцияның құны 725 теңге болған. 9 наурызда KASE сауда-саттығы бір акция үшін 709 теңге деңгейінде жабылды.