Теңге тербеліп тұр: ұлттық валюта бір күнде 2 пайыз құнсызданды
USDKZT валюта жұбында теңге бір күн ішінде 2,5%-ға әлсіреді де, доллар құны бірден 11 теңгеге қымбаттап, 452 теңге болды. Соңғы 2-3 аптадағы ұлттық валютаның құбылмалылығы бағамның бұған дейін байқатқан бүкіл тұрақтылығын теңгеріп жіберді деп жазады Tengenomika телеграм арнасы.
Сарапшылар алдымен теңгенің АҚШ долларына шаққандағы бағамы салық аптасы аясында нығайғаны, одан кейін валюта нарығына қатысушылардың әрекеттері айырбастау бағамының кері шегініс жасауына әсер еткен деп болжайды.
Екінші жағынан, мұнай бағасының арзандауы АҚШ Федералды резерв жүйесінің риторикасы мен Қытай экономикасының баяу ашылуы мұнай экспорттаушылардың валюталарына кері әсерін тигізіп жатыр», дейді сарапшылар.
Айта кетейік, ақпан айында теңге бағамы 1 АҚШ доллары үшін 445,66 теңге болды. Өткен айда 2,6 млрд АҚШ доллары сатылған.
Бұған дейін Ұлттық банк ақпанда теңгенің нығаюына не себеп болғанын түсіндірген еді.