Қазақстан сыртқы саудасының 30 пайызы Еуро Одаққа тиесілі – СІМ
Жарияланды
Тоғыз айда елімізге Еуропалық инвестициялар ағыны 10 пайызға өсіп, 8 млрд долларды құрады. Бұл туралы орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко мәлімдеді.
Оның сөзінше, Еуропалық одақ Қазақстанның сауда және инвестициялық серіктесі болып отыр. Шетелдік тікелей инвестиция көлемі 160 млрд доллардан асады.
«2022 жылдың 9 айында Еуропалық инвестициялар ағыны 10%-ға өсіп, 8 млрд долларды құрады. Оның ішінде Еуропалық одақтың үлесі – Қазақстанның сыртқы саудасының шамамен 30 пайызы. 2022 жылы тауар айналымының көлемі 2021 жылғы көрсеткіштен 27,6%-ға асып, 40 млрд долларды көрсетті», – деді Роман Василенко.
Айтуынша, 2023 жылы да бұл бағытта өсім байқалады.