Жаңалықтар

Шымкентте экологиялық талаптарды сақтамаған 7 кәсіпорынның жұмысы сот шешімімен тоқтатылды

Фото:arasha.kz

Шымкент қаласында экологиялық талаптарды сақтамаған жеті кәсіпорынның жұмысы сот шешімімен тоқтатылды. Бұл туралы Хабар 24 хабарлады.

Олар «Ордабасы» мен «Оңтүстік» индустриалды аймақтарында  орналасқан. Экологтар, тұрғындарды түтінге тұншықтырған өндіріс орындарына жоспардан тыс тексеру жүргізіп, бірқатар кемшілікті анықтаған. Енді зауыттар өндіріс технологиясын жетілдіріп, мұржаға сүзгі орнатпайынша іске қосылмайды. Өткен жылы шаһардағы экологиялық талаптарды бұзған  кәсіпорындарға қатысты 161 дерек тіркелді. Олар табиғатқа 33 мың тоннадан астам зиянды қалдық тастаған.

«Департамент тарапынан 2022 жылдың 12 айында индустриалды аймақтардағы 18 кәсіпорынға тексерілу жүргізіліп, жалпы сомасы 38 миллион теңгеден астам 48 әкімшілік айыппұл салынды. Бұл көрсеткіш 2021 жылғы тексеру бойынша екі есе, айыппұл бойынша төрт есе артқан,-деді қалалық Экология департаменті басшысының міндетін атқарушысы Берік Сәтенов.