Елімізде Қылмыстық және Қылмыстық-процестік кодекстерді тексеру аяқталды
Қазақстанда Қылмыстық және Қылмыстық-процестік кодекстерді тексерудің аяқталды. Бұл туралы Мемлекет басшысының қабылдауында болған Әдідлет министрі баяндады. Мемлекет басшысы Әділет министрі Азамат Есқараевты қабылдады, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
Президентке әділет органдары қызметінің нәтижелері және алдағы кезеңге арналған жоспары туралы есеп беріліп, реформа жүргізілетін бағыттар таныстырылды.
» Министр Қылмыстық және Қылмыстық-процестік кодекстерді тексерудің аяқталғанын мәлімдеді. Осы ретте 1000-нан астам бап пен 1200 ұсынысқа талдау жүргізілді. Нәтижесінде азаматтар мен кәсіпкерлер құқықтарының қорғалуын күшейту мәселелерін ескеретін және бизнесті негізсіз қылмыстық қудалауға жол бермейтін тиісті заң жобасы әзірленді», делінген ақпаратта.
Әділет министрі Азамат Есқараев, заңнаманың сапасын арттыру үшін кешенді шаралар қабылданып жатқанын айтты.
«Атап айтқанда, заң жобасы қызметі мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның жұмысын жандандыру, ғалымдарды кеңінен тарта отырып, заңнаманың тұрақтылығын қамтамасыз ету, реформаларды ақпараттық тұрғыда қолдауды күшейту жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыру көзделген. Сонымен қатар Президент Әділет министрлігіне қарасты мәселелер мен көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру және цифрландыру шараларын қамтитын 12 жобамен танысты» делінген ақпаратта.
Қасым-Жомарт Тоқаев Әділет министрлігіне жүктелген міндеттердің сапалы іске асырылуының маңызына назар аударып, заңнаманы одан әрі жетілдіруге және азаматтардың құқықтарын қорғауды күшейтуге бағытталған бірқатар тапсырма берді.