АҚШ-тағы ең ірі Silicon Valley Bank-тің банкроттығы өткен аптаның соңында белгілі болды. Американдық кәсіпкер Илон Маск АҚШ-тағы ең ірі банктердің бірін сатып алуы мүмкін. Бұл туралы Анадолу сайты хабарлады.
Razer Inc компаниясының бас атқарушы директоры Мин-Лян Тан әлеуметтік желіде Илон Маск басқаратын Twitter компаниясы SVB-ді сатып алып, оны цифрлық банкке айналдыруы мүмкін деп жазды. Бұған Tesla мен SpaceX негізін қалаушы: «мен бұл идеяға ашықпын», – деп жауап берді.
Silicon Valley Банкінің банкроттығы 11 наурызда белгілі болды.