YouTube Premium Қазақстанда: онымен видеоны жарнамасыз көруге болады
YouTube компаниясы биыл Қазақстанда YouTube Premium-ды іске қосатын болды. Бұл туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин facebook-парақшасында жазды.
Министр Кремний алқабында YouTube компаниясының өнімді басқару жөніндегі вице-президенті Адам Смитпен келіссөз жүргізгенін хабарлады.
Қос тарап ынтымақтастық перспективалары мен компанияның Қазақстандағы түрлі сервистеріне қол жеткізуді кеңейту мәселесін талқылаған.
«YouTube өкілдері биыл Қазақстанда YouTube Premium іске қосылатынын ресми түрде жариялады. Бұл – біздің нарықтың ірі технологиялық компаниялар үшін барынша тартымды болып келе жатқанының көрсеткіші», деп жазады министр.
Premium-ге өту мүмкіндігі біздің елде бұрын болмаған YouTube сервистеріне қол жеткізуге мүмкіндік береді. Premium-аккаунт иелері видеоларды жарнамасыз көре алады және оларды жүктеп алып, Интернетсіз де қарай алады және т. б.