Жаңалықтар

Елімізде ресейлік «Мир» төлем жүйесінің пластикалық карталарына сұраныс артқан

«Мир» төлем жүйесінің пластикалық картасы шыға


Осыған байланысты Қазақстандағы ВТБ банк ресейлік «Мир» төлем жүйесінің пластикалық картасын шығара бастады, деп хабарлайды банктің баспасөз қызметі.

Негізінен банк «Мир» цифрлық төлем жүйесін былтыр желтоқсан айында қосқан екен. Енді банктің республикадағы клиенттері оны тек электронды нұсқадаға ғана пайдаланбай, картасын да қолдана бастайды.

«Біз Қазақстанда «Мир» карталарына деген сұраныстың артқанын байқадық. Бүгінде бұл карталар бойынша түрлі транзакциялар жүргізіліп жатыр. Негізінде, пайдаланушылар Ресейге сапармен барғанда осы карта көмегіне жүгінеді. Сонымен бірге білім беру және IT қызметтері де төленеді. Сондай-ақ Қазақстан аумағындағы банкоматтарымыз бен кассаларымыздан «Мир» карталары бойынша ақша алу көлемі артқан», дейді ВТБ банктің жеке бизнес департаментінің директоры Станислав Козяков.