«Шымкент» ӘКК-да ұн өткізу барысында 70 млн теңгеге жуық қаражат ұрланған

Жарияланды
мука
Фото: Shutterstock

Қаржы мониторингі агенттігі Шымкентте әлеуметтік маңызы бар тауарларды, оның ішінде 3000 тонна 1 сұрыптағы ұнды өткізу барысында аса ірі мөлшерде ақша жымқыру фактісін анықтаған.

«ҚМА Шымкент қаласы бойынша департаменті қызметкерлері «Шымкент ӘКК» АҚ лауазымды тұлғаларына қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеруді тіркеді. Қалалық МІАД аудиторының қорытындысына сәйкес келтірілген залал сомасы 68 млн 800 мың теңгені құрады» делінген хабарламада.

Тергеу жалғасуда. ҚР ҚПК 201-бабына сәйкес тергеу мүддесінде өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Сондай-ақ оқыңыз