S&P Global Ratings «ҚазТрансОйл» АҚ рейтингі бойынша болжамды «Тұрақты» деңгейде бекітті

Жарияланды

S&P Global Ratings халықаралық рейтингтік агенттігі (бұдан әрі – S&P) өз кезегінде тәуелсіз рейтингтер бойынша болжамды қайта қарауға әкелетін, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ рейтингі бойынша болжамның өзгеруіне байланысты «ҚазТрансОйл» АҚ рейтингі бойынша болжамды «Жағымсыздан» «Тұрақтыға» жақсартты. Бұл туралы «ҚазТрансОйл» АҚ жұртшылықпен байланыс және ішкі коммуникациялар департаменті хабарлады.

«ҚазТрансОйл» АҚ рейтингі қажет болған жағдайда компанияның мемлекет тарапынан уақтылы және жеткілікті ерекше қолдау алуының жоғары ықтималдығы жөніндегі S&P пікірін көрсетеді.

S&P топтың несие қабілеттілігін бағалаумен шектелетін, «ҚазТрансОйл» АҚ-тың өз несие қабілеттілігін бағалауды «ВВ+» деңгейінде сақтады.

Сондай-ақ оқыңыз