Бас мүфти Рамазан айында азық-түлік бағасын 10 пайызға арзандатуға үндеді

Жарияланды

Елордада Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы оразаға орай БАҚ өкілдерінің қатысуымен өткен баспасөз мәслихатында кәсіпкерлерге үндеу жасады. 

«Кәсіпкер азаматтарды, сауда орталықтарының басшыларын қасиетті айдың құрметі үшін халқымыздың тұрмыс жағдайын ескеріп, әлеуметтік маңызы бар тауарлар мен азық-түлік бағасын мүмкіндігінше 10 пайызға дейін төмендетіп, жеңілдік жасауға үндеймін. Жақсы амалдарыңыз өздеріңізге еселеп жақсылық болып қайтатынында күмән жоқ. Мұндайда халқымыз: «Қайырымдылық жасасаң – қайырын өзің көресің» демей ме?!», – деді Бас мүфти БАҚ өкілдеріне арналған баспасөз мәслихатында.

Сондай-ақ оқыңыз