Kids go Free бағдарламасын 700 отбасы пайдаланған

Жарияланды
Kids go Free бағдарламасын 700 отбасы қолданған

Қазақстанда 2022 жылы Kids go Free бағдарламасы іске қосылды. Оның аясында бойынша былтыр 76 млн. теңгеге ұшақ билеттері субсидияланды. Осының арқасында балаларға ел ішіндегі әуе рейстермен тегін ұшу мүмкіндігі берілді. Бұл туралы Мәдениет және спорт министрлігінен хабарлады.

«Ақтау – Қазақстанның ең танымал туристік бағыттарының бірі және танымал отбасылық демалыс орны. Өткен жылы Kids go Free бағдарламасын 700-ге жуық отбасы пайдаланды, бұл 1500 балаға Қазақстанның басқа өңірлерін тегін көруге мүмкіндік берді. Биыл кем дегенде 2000 бала мен 1000 отбасын қамту міндеті тұр. Ол үшін туроператорларға қойылатын талаптар жеңілдетілді», – деді Мәдениет және спорт министрлігінің ресми өкілі Мөлдір Әбдуәлиева.

Министрліктің мәліметінше, өткен жылы кішкентай туристер мен олардың ата-аналары негізінен үш бағыт: Ақтау, Алматы және Түркістан қалаларына саяхаттаған. Бұл ретте, барлық іске асырылған турлардың 50% – дан астамы Маңғыстау облысына тиесілі болыпты.

Бұдан бұрын Мемлекет басшысының қабылдауы кезінде Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов Қазақстанда саяхаттан кэшбек алу жоспарланып отырғанын мәлімдеген болатын.

Сондай-ақ оқыңыз